ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАУҒА ДАЙЫН
Өңірде білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындықтары қарқынды. Биыл облыс бойынша 9 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа беру жоспарланған. Бұл қатардағы 4 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған. Осы тұста іске қосылатын оқу ордасының бірі №8 орта мектеп жанында салынған 300 орындық жапсарлас құрылыс мектебі.