ЭТНОГРАФ ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛДЫ
Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толды. Осыған орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тарихи кеш өтті. "Этнограф ғалым" тақырыбындағы шарада ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмірі мен қоғамдық қызметі кеңінен насихатталды.