Соңғы жылдары аймақта қала сәулетін арттыруға айрықша көңіл бөлініп, жол мен тұрғындар серуендейтін демалыс орындарын жөндеу қолға алынды. Қазіргі уақытта қаланың бірқатар бөлігінде ескі саябақ пен скверлер, автомобиль және жаяу жүргінші жолдары жөнделіп жатыр. Аймақ басшысы қала әкімімен бірге аталған нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.