Геолог мәдениет үйі жанынан құрылған "Асыл ана" ансамблі Абай облысының Алакөл елді мекенінде өткен халықаралық өнер фестивалінде жоғары жетістікке қол жеткізді. Өнер ұжымы төрт дауыста орындаған әнімен көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, Бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар "Үлгілі Мұрагер" вокалдық тобының атынан қатысқан дуэт те өз өнерімен ерекшеленіп, фестивальдің Гран-при иегері атанды. Халықаралық деңгейдегі байқаудағы бұл жеңіс - ақтөбелік өнерпаздардың кәсіби шеберлігі мен ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбегінің айқын көрінісі.