Импортқа тәуелділік - экономиканы тежеуші себептердің бірі. Одан арылудың жалғыз жолы - отандық өнім. "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар тауарлар ғана өндіріс саласында еліміздің еңсесін тіктей алады. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті кәсіпкерлерге демеу беру мақсатында жыл сайын "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы өтеді. Бұл жолы аймақта көрменің өңірлік кезеңі өтті. Аймақ басшысы қатысқан шарада "Бір ауыл - бір өнім" байқауы да ұйымдастырылды.