Әдебиет сүйер қауым таңдаулы 100 кітап жобасы аясында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығына арналған поэзия сағатында бас қосты. Кездесуде «Соғыстың соңғы жазы» кітабының мазмұны мен идеялық ерекшелігі кеңінен талқыланып, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызы сөз болды. Шара барысында қатысушылар өлең оқып, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.