Өңірге жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Аслан Қалиғазин аймақ кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнесті қаржыландыру, экспорттық әлеуетті арттыру және өнеркәсіпті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен жиында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі», «Қазақстанның Даму Банкі» және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының өкілдері баяндама жасап, экспорттық сақтандыру, экспорттық акселерация бағдарламалары және қазақстандық өнімді шетелдік нарыққа шығарудың тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.Жиын соңында кәсіпкерлер сарапшыларға өз сауалдарын қойып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұшымды мағлұмат алды.