2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 40 білім беру гранты бөлінбек. Мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірдің білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және дін істері салаларындағы мамандарға деген сұранысын ескере отырып, қалыптастырылды. Ал оны жүзеге асыру жұмыстары облыс әкімінің төрағалығымен өткен конкурстық комиссияның отырысында қаралды.