Мәртөк ауданының Байторысай ауылдық округіне қарасты Полтавка ауылына көгілдір отын берілді. Жоспарлы жұмыс мемлекет басшысының ауылдық елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Яғни, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Көгілдір отынның салтанатты түрде іске қосылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.