Шілде айының үшінші жексенбісі - Металлургтер күні. Жыл сайын тойланатын дәстүрлі кәсіби мереке биыл да жалғасын тапты. Ал өңірде Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 83 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени шарада сала мамандары марапатталса, қала тұрғындары керемет концерттік кештің куәсі болып қайтты.