Ақтөбеде бір айдан бері "13 сектор" футбол жанкүйерлері бірлестігі туралы толықметражды көркем фильм түсіріліп жатыр. Жанкүйлер қозғалысының 20 жылдығына орай қолға алынған жоба режиссері Жандос Айбасов, киноның басты кейіпкерлерін Аян Өтепберген, Шерхан Пірназар, Асан Мәжит және өзге де әйгілі актерлар сомдайды.