«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама шеңберінде 172 елдімекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу, сондай-ақ 38 ауылды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Ақтөбе қаласының әкімдігі мен "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы арасында қол қойылған меморандум негізінде бүгінде қала іргесіндегі тұрғын алаптарда монтаждау жұмыстары қарқын алды.