13 шілдеден бастап елімізде мемлекеттік рәміздерді қолдану ережесі өзгерді. Жаңарған қағидаға сәйкес, мемлекеттік атрибуттарды коммерциялық бағытта қолданылуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, ту, елтаңба, әнұранды қорлағандар құрғақ уәдемен құтылмайды, бұл үшін жауапкершілік көзделген.