1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді. Құжаттағы басты жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын айқындау, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді толық цифрландыруда. Саладағы өзгерістер бүгін мемлекеттік қызметшілер мен сот жүйесінің мамандарының бас қосуына себеп болды.