Бүгін облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бәсекеге түсетін партия өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелеріне оқыту семинарын өткізді. Жиын барысында үгіт-насихат жүргізудің тәртібі, сайлау қорларының қаражатын пайдалану, үгіт материалдарын орналастыру талаптары, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу ерекшеліктері және заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың сайлау барысын бақылаудағы рөлі де сөз болды.