30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай елімізде «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты республикалық ақпараттық науқан басталды. Акция аясында халық көп шоғырланған орындарда тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, адам саудасының қаупі мен одан сақтану жолдары түсіндірілді. Мамандар азаматтарды күмәнді ұсыныстардан бас тартып, сақ болуға шақырды.{