Жыл өткен сайын балалар арасындағы буллинг қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып барады. Мамандардың айтуынша, қорлау, кемсіту, күш көрсету және кибербуллингтің салдары баланың психологиялық және эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді. Осы тұста буллингті болдырмау мақсатында білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары бірлескен профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Дегенмен, бұл мәселеге ата-аналар мен қоғамның да бейжай қарамауы маңызды.