Мәдениет - халықтың рухани тірегі. Өнер мен әдебиетте әлемдік үдерістерден қалыс қалмай, ұлттық болмысымызға тән рухани жауһарларды да сақтап қалу маңызды. Сонымен қатар, тарихи жәдігерлерді зерттеу, кітапқа қызығушылықты арттырып, "Кітап оқитын ұлт" идеясын жүзеге асыру ісі де айрықша мәнге ие. Бұл бағыттарда аймақта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Жауапты басқарма басшысы жартыжылдықтың есебін баяндады.