Құрылтай – қазақ халқының терең тарихынан бастау алатын, ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді ақылдасып, ортақ шешім қабылдайтын дәстүрлі басқару институты. Ежелден хан сайлау, ел бірлігі, жер дауы, сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелері құрылтайда талқыланып, халықтың ортақ пікірі ескерілген. Бүгінде бұл ұғым заманауи сипат алып, қоғамдық диалогты нығайтуға, азаматтардың пікірін ескеруге және елдің дамуына қатысты маңызды бастамаларды талқылауға қызмет ететін алаң ретінде жаңғырып отыр. Аймақтың ғылыми қауымдастығы да бұл бастаманы елдің саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі ретінде бағалайды. Мамандардың пікірінше, құрылтай институтының жаңаша дамуы азаматтардың саяси үдеріске қатысуын кеңейтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға және ұлттық бірлікті арттыруға ықпал етеді.