Елімізде ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көліктері қозғалысына бақылау күшейтілді. Аталған профилактикалық акцияның мақсаты - жолдардың сақталуын қамтамасыз етіп, жүк тасымалы саласындағы заң талаптарының орындалуын бақылау. Түсіндіру жұмыстары науқаны 10 маусым мен 10 тамыз аралығын қамтиды. Осы тұста жүргізілген тексерулер нәтижесінде 80-ге жуық заң бұзушылықтар анықталды.