Елімізде тұңғыш рет өткелі отырған Құрылтай сайлауы- мемлекетіміздің саяси жаңғыру жолындағы маңызды тарихи кезеңі болып саналады. Бұл- мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Саяси науқан- азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына, ел дамуының алдағы бағытын айқындауға және жаңа саяси жүйенің тиімділігін іс жүзінде бағалауға мүмкіндік береді.