Жыл басынан бері өңірде АИТВ инфекциясын жұқтырған 23 адам анықталды. Оның 18-і ер адам, бесеуі әйел. Тіркелген барлық жағдайларда инфекция жыныстық жолмен жұққан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Мамандардың мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 26 пайызға төмендеген. Бұл – өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының, халықты тестілеумен қамтудың және ерте диагностиканың нәтижесі.