Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған заманауи оңалту және дамыту орталықтарын ашуды тапсырғаны белгілі. Ең бастысы – ата-аналар білікті көмек алу үшін Астана мен Алматыға сабылмауы тиіс. Осы мақсатта Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында әлеуметтік маңызы зор «Айнала» оңалту орталығы жуырда өз есігін айқара ашады. Мұнда менталдық даму ерекшелігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға сапалы оңалту қызметтері көрсетілмек.