Шілденің шіліңгір ыстығы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймады. Соңғы 2 аптада дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің қатары көбейген. Жедел жәрдем қызметіне түскен шақыртулар саны маусым айымен салыстырған 2 мыңға өсіпті. Аптаптың зардабын, әсіресе, егде жастағы тұрғындар мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтар көбірек сезінген.