Өңірде көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында үйлердің қасбеті жаңарып, шатырлары толық ауыстырылып, жертөлелерге көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ыстық, суық су құбырлары мен электр желілері ауыстырылуда. Жауапты мамандардың айтуынша жұмыс барысы 80 пайызға аяқталған.