Шалғайдағы ауыл-аймақта инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында су құбырлары ауыстырылып жатыр. Бұл жұмыстар елдімекен халқын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Жоба аясында ұзындығы он алты шақырымнан асатын жаңа құбырларды тарту, су мұнарасын және көлемді су резервуарларын орнату қарастырылған.