Ақтөбеде кезекті алаяқтық әрекеттің жолы кесілді. Қаскөйлердің арбауына түскен қала тұрғыны пәтерін өз еркімен сатып жіберуге шақ қалған. Алайда жылжымайтын мүлік агенттігі менеджерінің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде алаяқтық фактісіне тосқауыл қойылды.