Хромтау ауданының Ақжар ауылында белгілі жыршы әрі термеші Әкімәлі Қаржауұлына арналған дәстүрлі жыршы-термешілердің аймақтық байқауы өтті. Жарыста облыстың әр ауданынан келген талантты жастар бас қосты. Ұлттық өнер дәріптеліп, аудан жұрты жырмен сусындады.