Ақтөбеде дропперлер желісінің әрекеті әшкереленді. 

Қаржылық мониторинг агенттігі өңірде интернет және телефон алаяқтарына қызмет көрсеткен қылмыстық топтың жолын кесті. Тергеу мәліметінше, олар азаматтардан ұрланған қаражатты дропперлердің есепшоттары арқылы өткізіп, криптовалютаға айналдырумен айналысқан. Қазіргі уақытта Қазақстанның 16 өңірінен 80 жәбірленуші анықталды.