МАРАЛ ФЕСТ-2026
Өңірде алғаш рет "Марал Фест" өтті. Табиғат аясында ұйымдастырылған ауқымды шара маралдарды тамашалауға, панто емдеу шипажайына экскурсия жасауға, шоу бағдарлама көруге мүмкіндік сыйлады. Сонымен қатар фестиваль аясында концерттік бағдарлама, ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды.