АУДАН ШАРУАЛАРЫ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫН БАСТАДЫ
Хромтау ауданында егін жинау науқаны басталды. Жергілікті шаруалар күздік дақылдарды жинап жатыр. Оның ішінде Дөң ауылдық округінің шаруалары ерте себілген тұқым дақылдарын жинауды қолға алса, Ақжар ауылында тамыздың соңында басталатын күзгі жиын-терімге дайындық
басталды. Құзырлы сала мамандары биыл мол өнім болатынына сенім білдіріп отыр.