ҚАЛАДА ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Ақтөбелік дихандар егін ору науқанын бастап кетті. Биылғы жиын-терім жұмыстарына шаруалар құрал-саймандарын сайлап, техникаларын майлап сақадай сай отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдары арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. Одан бөлек қысқа мал азығы дайындалуда. Шаруашылықтарға кемі 48 мың тонна шөп дайындау міндеті қойылды.