ТАС ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕМПИНГ
Жылдан жылға Ырғыз ауданының аумағында халыққа сапалы қызмет көрсететін кәсіптік нысандардың саны артып келеді. Айталық, биыл аудан орталығына кіреберіс тұстағы республикалық маңызы бар тас жол бойында "Ырғыз" кемпингі ашылды. Аумағы 3 жарым гектарды алып жатқан кәсіптік нысан ауданға белгілі кәсіпкер Марлен Сәрсенбаевтың бастамасымен бой көтерген. Заманауи талапқа сай салынған кемпинг жақын арада жұмысын бастаса да, сапардағы жолаушы аялдап, тынығар жайлы мекенге айналған.