ШҰБАРҚҰДЫҚТА АЛҒАШ РЕТ ЖАБЫҚ ЖҮЗУ БАССЕЙНІ САЛЫНДЫ
Биыл Темір ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. Айталық, жыл басында жаңа жастар орталығы ашылды. Енді, міне Шұбарқұдық кентінде жабық жүзу бассейні салынды. Спорт нысаны ауданда алғаш рет бой көтеріп отыр. Қыркүйекте қолданысқа берілмек.