БАТЫР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін – екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туған күні. Биыл авиация тарыхындағы айбынды тұлғаның дүниеге келгеніне - 104 жыл. Осыған орай қаладағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында еске алу жиыны ұйымдастырылды. Батырдың ерлігі ұлықталған тағылымды іс-шараға әскери қызметкерлер, депутаттар, курсанттар және оқушылар қатысты.