"ТАЗА АУА" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Аймақта атмосфералық ауаның сапасын бақылауға бағытталған «Таза ауа» профилактикалық шарасы жалғасуда. Экология департаментінің мамандары мен жол-патрульдік полициясы көліктерден шығатын түтін мөлшерін арнайы құрылғымен тексеріп жүр. Жыл басынан бері мамандар 121 көлік құралын тексерістен өткізген. Нәтижесінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың мөлшері қалыпты шектен аспаған. Экологтар жүргізушілерге көліктердің техникалық жай-күйін ұдайы бақылауда ұстаудың маңызын еске салады. Өйткені автокөлік қаладағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі факторлардың бірі болып қала береді.