ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 72,3%-Ы ЖАҢА ҚҰРЫЛТАЙ ҮШІН ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
Қоғамдық саясат институты сауалнамасының нәтижелері 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы халықтың хабардар болу деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Зерттеу деректеріне сәйкес, респонденттердің 89,4% алдағы сайлау туралы хабардар. Әлеуетті электоралды белсенділік көрсеткіші де азаматтардың дауыс беруге дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 72,3% Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, респонденттердің 11,9% дауыс беруге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Ал 15,8% әлі нақты шешім қабылдамаған, оның ішінде жауап беруге қиналған респонденттердің 0,5%-ы бар.