Негізгі Жаңалықтар ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БАҚЫЛАУДА

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БАҚЫЛАУДА

Әрбір азаматтың өтініші – жіті назарда. Облыста мемлекеттік органдардың тұрғындардан түскен арыз-өтініштерді қарау тәртібіне бақылау күшейтілді. Бұл жұмыс Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жүктелді. Мониторинг Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған. Тексеру барысында өтініштерді қарау кезінде заң талаптарының бұзылғаны анықталып, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Бөлісу