Негізгі Жаңалықтар ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ 

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ 

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысын бағалау мақсатында өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы келді. Астаналық мейман аймақтағы мемлекеттік органдарының қатысуымен кеңес өткізіп, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке ерекше назар аударды. Шавхат Өтемісов сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысып, сайлаушыларды ақпараттандыру, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің жұмысына қолайлы жағдай жасау және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Ақтөбе облысында саяси науқанды өткізуге 539 сайлау комиссиясы мен 3 557 комиссия мүшесі жұмылдырылған. 

Бөлісу