ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Тамыз айының екінші жексенбісі- құрылысшылар күні. Мереке қарсаңында сала ардагерлері мен құрылыс басында жемісті еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында аймақ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қала келбетінің көркеюіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Үздік еңбек иелеріне марапаттар табысталды.