"ТАЗА ҚАЛА - ТАЗА ЖАҒАЛАУ" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
"Жасыл ел" еңбек жасақтарының сарбаздары кезекті тазалық жұмысын Қарғалы өзенінің жағалауы маңында жүргізді. Айналаны қоқыс қалдықтарынан арылтып, қоршаған ортаны тазалауға өз үлесін қосты. Экологиялық шара - "Таза қала - Таза жағалау" акциясы аясында ұйымдастырылды. Жалпы, аталмыш акция басталғалы табиғатқа жанашырлық танытқан аймақ жастары күні бүгінгі дейін елу мың тоннаға жуық қоқыстың жиналуына атсалысқан.