АРНАЙЫ КӨЛІККЕ ЖОЛ БЕРІҢІЗ!
Өңірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен "Жол бер!" республикалық акциясы өтті. Профилактикалық іс-шара "Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде өтті. Онда құтқарушылар жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау маңыздылығын ескертті. Өйткені, олар үшін әр секунд маңызды. Сондықтан дыбыстық сигнал қосылған жедел көлік қызметін көрген жағдайда, әр жүргізуші оған жол беріп, кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасауы тиіс.