Негізгі Жаңалықтар ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ - КӘСІПКЕРГЕ МІНДЕТ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ - КӘСІПКЕРГЕ МІНДЕТ

Кезкелген жарнама әуелі мемлекеттік тілде жасалуы тиіс. Тілдерді дамыту басқармасы мамандары осы бағытта тұрақты мониторинг жүргізіп, көрнекілік құралдарына қатысты кеңестерін беріп келеді. Жарнаманы мемлекеттік тілде жазуға мән бермегендер алдымен ескерту алады, жыл ішінде екінші рет ағаттық жіберсе жауапкершілікке тартылады. Ал тұрғындар мемлекеттік тіл мәртебесін қорғап, "Тұтынушылар құқығы" заңы бойынша шағым түсірсе, айыппұл көлемі 500 мыңға жуықтауы мүмкін. Заң күшейгелі кәсіп иелері жарнамаға жіті мән бере бастады. Әрі қазір мемлекеттік тілде сауатты жарнама жасайтындар арасында сайыс та өтеді. Мәселен, өңірде "Жарнама - тіл тазалығының көрінісі" байқауының облыстық кезеңі. қорытындыланды. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар