СУ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Ақтөбеде бірінші көтерілімдегі Сарыбұлақ сорғы станциясын және Құндақтықыр су жинау станциясынан сорғы станциясына дейінгі аралықта су құбырын салу жұмыстары басталды. Белгіленген аумақта 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, жалпы ұзындығы шамамен 53 шақырым болатын су құбыры тартылмақ. Сонымен қатар жаңа тұрғын алаптарға дейін инженерлік желілер жеткізіледі. Жоба іске асқаннан кейін қала аумағындағы тұрғын алаптар мен Батыс-3 шағын ауданы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады. Сондай-ақ, 10 мыңнан астам жер учаскесін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл — қаланың қарқынды дамуына және халық санының өсуіне байланысты инженерлік инфрақұрылымды алдын ала дамытуға бағытталған маңызды жоба.