Аймақтың құрама командасы халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық үстінде. Биыл облыстық іріктеу кезеңі 25 сәуірде өтіп, оның қорытындысы бойынша өңір намысын қорғайтын үздік команда жасақталды. Қатысушылардың дайындығымен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы танысты.