Елімізде автокөліктеріне жалған мемлекеттік нөмір тағып, айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілер көбейді. Сандарды сөйлетсек, республика бойынша былтыр 40 мыңға жуық құқықбұзушулық тіркелсе, облыс аумағында соңғы 2 күннің ішінде 50 көлік айыптұраққа қойылды. Өңірде заңбұшылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өтуде. Рейдке біздің арнаның тілшілері де қатысып қайтты.