Жылқыны алғаш қолға үйретіп, Ботай мәдениетінен бүгінге дейін тұлпардың тұяғын дүбірлеткен қазақ даласында жылқыдан қадірлі жануар жоқ. Халқымыздың Қамбар ата төліне құрметі ерекше. Содан болар, елімізде ғалымдар сәйгүліктерді асылдандыру ісіне көп көңіл бөледі.