Атаулы күнге байланысты жер-жерде даңқты жерлесіміздің бюстіне гүл шоқтары қойылды. Тағзым ету шарасына қала әкімдігінің өкілдері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты. Жиналған қауым ерлігімен ел жадында қалған батыр қыздың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, ыстық ықыластарын гүл шоқтарымен білдірді.