Шаһарда "Таза Қазақстан" акциясы аясында қолға алынған «ЭкоСана» жазғы алаңы ұйымдастырылды. Екі аптаға созылған шараға жазғы лагерь балалары қатысты. Кішкентай балғындар мұнда қалдықтарды қайта сұрыптау, өңдеу, суды үнемдеу сияқты қоршаған ортаны қорғауға арналған игі істермен танысты. Жоба жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.