Сен жалғыз емессің! Облыста осындай тақырыппен қиын жағдайға душар болған азаматтарды қолдау күні ұйымдастырылды. Іс-шараға келген тұрғындар түрлі сала мамандарына тікелей жолығып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай ашық есік күндері 9-11 маусым аралығында барлық аудандарда да өтті.